«Groundhog Day» жобасы: Төраға лауазымын тапсыру жне бірінші курс студенттерін таныстыру жобасыFarabi University

51

«Groundhog Day» жобасы: Төраға лауазымын тапсыру жне бірінші курс студенттерін таныстыру жобасы

16 қараша, 2024

2024 жылы 15 қарашада Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің Ө.А. Жолдасбеков атындағы қызыл залында механика-математика факультеті «Көмек» ҚҚ ұйымдастыруымен «Groundhog Day» жобасы өтті.Бұл жобаның университет пен факультет үшін маңыздылығы зор болды,себебі Мұханбедияр Айгерімнің есеп беру кеші жне бірінші курс студенттерінің алғашқы таныстырылым жобасы.

«Көмек» қоғамдық қоры -қоғамдағы мейірімге мұқтаж жандармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.Еріктілердің әр апта сайын жасайтын жұмыстарының бірі интернатқа бару болып табылады.Апта сайын балалармен жүздесіп,сабақтарын оқытып көмек қолын созады.Сонымен қатар,қарттар үйіне барып ата-әжелерге де көңіл-күй сыйлап қайтады.Жағдайы төмен отбасыларға жне мұқтаж өңірлерге көмек көрсету мақсатында жәрмеңкелер ұйымдастырып отырады.Қайырымдылық жасаумен қатар жұма күндері мешіт тазалығына атсалысады. Ұйым студенттерге қоғаммен тығыз байланыста болуға,әлеуметтік аз қамтылған топтарға қаржылай немесе материалдық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

«Groundhog Day» жобасы-қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді көтерген ерекше бастама болды.Жоба барысында студенттер өз өнерлерін көрсетіп,жоғарғы деңгейде алып шықты.Студенттер қоғамдағы өзекті деген тақырыптарды,соның ішінде ТДМ 1: Кедейлікті жою жне ТДМ 3:Жақсы денсаулық жне әл-қуат мақсаттарын жүзеге асырудың анық үлгісіне тоқталды.

Жоба соңында Мұханбедияр Айгерім төрағалық лауазымын Абдулла Нұртуғанға табыстады.Айгерімге шығармашылық табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!Ал Нұртуғанды «Көмек» ҚҚ жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз!