 (8).png)
14.11.2024 ж. ТДМ бағдарламасы аясында «Фармация» мамандығының 1-4 курс студенттерімен « Жауапты тұтыну және өндіріс» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара барысында ТМД кедейлік пен аштықты жоюға, әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға және бүкіл адамзат үшін тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған жалпыға бірдей мойындалған бағдарлар екендігі баса айтылды.
Студенттермен пікірталас қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына, жауапты өндірістік процестерге және пластикалық және өндірістік қалдықтардан қоршаған ортаның ластануымен байланысты проблемаларды шешудің мүмкін болатын шараларына бағытталған.
Дайындаған педагогикалық тәжірибе шеңберінде «Фармация» ОБ 1 курс магистранты Созонова О.С. Ұйымдастырушылар: PhD, доцент м.а. Картбаева Э.Б.; PhD, доцент м.а. Калыкова А.С.
Басқа жаңалықтар

