«САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ» ТДМ АЯСЫНДА ҚИЫР ШЫҒЫС КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ЖАПОНИЯДА ЖИНАҒАН ТӘЖІРИБЕЛЕРІ БОЙЫНША ЕСЕП-ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРЫН ҰСЫНДЫFarabi University

51

«САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ» ТДМ АЯСЫНДА ҚИЫР ШЫҒЫС КАФЕДРАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ЖАПОНИЯДА ЖИНАҒАН ТӘЖІРИБЕЛЕРІ БОЙЫНША ЕСЕП-ПРЕЗЕНТАЦИЯЛАРЫН ҰСЫНДЫ

20 қараша, 2024

2024 жылдың 15 қарашасында «Сапалы білім беру» ТДМ аясында аға оқытушылар С.К. Боранкулова, М.Т. Шадаева, Г.Б.Тазабекова жетекшілігімен  күншығыс елінің жетекші университеттерінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен Қиыр Шығыс кафедрасының студенттері  Жапонияда өткен оқу тәжірибесі жөнінде өз баяндамаларын ұсынды. Кездесуге Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушылық-профессорлық құрамы  мен студенттері қатысты. Іс-шара барысында 3-курс студенттері Нуркалиев Нұрсұлтан, Ормалова Мөлдір, сонымен қатар 4-курс студенттері Кәжен Шахислам, Каиркеев Амир және Тұрғанбек Ұлықбек баяндама жасады. Студенттер шетелде оқу тәжірибесі, университеттердің түрлі ерекшеліктері, Жапониядағы өмір сүру жағдайлары туралы егжей-тегжейлі баяндап берді. Іс-шара соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауап алуға мүмкіндік алды. Іс-шара өте жылы және достық атмосферада өтті.

Қиыр Шығыс кафедрасының оқытушысы Г.Б. Тазабекова