- Басты бет
- Жаңалықтар
- Философия ғылымдарының докторы, профессор Мүтәліпов Жүсіп Мүтәліпұлына 75 жыл толуына арналған «Өркениеттер сұхбаттастығындағы ұлттық құндылық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйыдастырылды.
Философия ғылымдарының докторы, профессор Мүтәліпов Жүсіп Мүтәліпұлына 75 жыл толуына арналған «Өркениеттер сұхбаттастығындағы ұлттық құндылық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйыдастырылды.

Дүниежүзілік философия күніне орай және Орнықты дамудың 17- бағытына сәйкес (Тұрақты даму үшін серіктестік) 2024 жылдың 8 қараша күні ғалым, философия ғылымдарының докторы,
профессор Мүтәліпов Жүсіп Мүтәліпұлына 75 жыл толуына арналған «Өркениеттер
сұхбаттастығындағы ұлттық құндылық» атты халықаралық ғылыми-практикалық
конференция ұйыдастырылды. Конференцияның мақсаты қазіргі қоғамның трансформациясы мен динамикасы аясында жастардың негізгі дүниетанымдық бағдарларын қалыптастыру болды. Негізгі бағыттары ретінде «Құндылықтар әлемін зерттеудің философиялық мәні мен рухани бастауы», «Өркениеттер сұқбаттастығы мәдениеттанымдық парадигмалары және қазіргі қазақ мәдениеті», «Ұлттық құндылықтар әлеуметтану мен саясаттың объектісі ретінде», «Тарих толқынындағы жалпы адамзаттық құндылықтар» тақырыптарында секция жұмыстары өтті.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан философиялық конгрессі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультетінің Философия кафедрасы, Түрік халықтары философиялық қоғамының қазақ комитеті.
Басқа жаңалықтар

