Мамандығым – мақтанышымFarabi University

51

Мамандығым – мақтанышым

7 қараша, 2024

07.11.2024ж Әл-Фараби ат. ҚазҰУ 90 жылдығы және «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының 85 жылдық мерейтойына орай «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4 курс студенттері "Мамандығым – мақтанышым" атты іс-шара өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік педагогика мамандығына деген қызығушылықты арттырып, оның маңыздылығын көрсету болды. Шара барысында әртүрлі ойындар ойнатылып, мақал-мәтелдер айтылып, мамандықтың ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, студенттер осы мамандықтың қоғамдағы рөлін көрсететін қысқаша видео тамашалап, оны талқылады. Іс-шарада студенттер өздерінің әлеуметтік педагогикаға қатысты ойларымен бөлісіп, мамандықтың маңызды тұстарын талқылады. Бұл кездесуде болашақ әлеуметтік педагогтардың мамандыққа деген мақтанышы мен қызығушылығы айқын көрінді." Ұйымдастырушылар: Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушылары п.ғ.к., Аринова Б.А, п.ғ.к, доцент Молдасан Қ.Ш және аға оқытушы Бижанова К.Ә