Тұрақты және бейбіт қоғамды қалыптастыру жолындағы қадамдарFarabi University

51

Тұрақты және бейбіт қоғамды қалыптастыру жолындағы қадамдар

30 қазан, 2024

Мақсатты даму бағдарламасының  16 бағытына сай 2024 жылдың 30 қазаны күні дінтану мамандығының 3-курс студенттері педагогикалық практика аясында дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Қ.М. Борбасова және 2 курс магистранты Ә.Төлеудің  жетекшілігмен Алматы қаласындағы Қазақстан орталық синагогаға бару ұйымдастырды.

 Синагогада раввин Ешая Коген еврей мәдениеті мен дәстүрлерінің маңызы, сондай-ақ олардың тұрақты және бейбіт қоғамдарды қалыптастырудағы үлестері туралы айтып берді.Кездесу барысында білім мен әртүрлі мәдениеттерді түсінудің әлеуметтік келісімді нығайтудағы рөлі талқыланды.