Поэзиялық шығармаларды орыс тіліне аудару
6 қараша, 2024

«ТДМ 4. Сапалы білім беру» аясында 6 қараша күні филология факультетінде белгілі аудармашы, Қайрат Жаңабаев «Әдебиеттану» мамандығының 4-курс студенттерімен кездесті. Кездесу барысында студенттер аудармашының жыраулар поэзиясынан, әсіресе Махамбет өлеңдерінен орыс тіліне жасалған аудармаларымен танысты. Поэзиялық шығармаларды аударудағы мәселелер, аудармашының шығармашылық лабораториясы жөнінде тәжірибелі маманмен пікір алмасты. Кездесу соңында аудармашы жас әдебиеттанушыларға поэзиялық шығармаларды аударғанда ескеретін жайттар жөнінде құнды кеңестерін айтты.
Басқа жаңалықтар

12 мамыр, 2025

12 мамыр, 2025

12 мамыр, 2025