ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЖАУАПТЫ ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ӨНДІРУFarabi University

51

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЖАУАПТЫ ТҰТЫНУ ЖӘНЕ ӨНДІРУ

23 қазан, 2024

2024 жылдың 23 қазанында сағат 12.00-12.50  310 ауд «6В02303-Шетел филологиясы» мамандығының 3 курс студенттері топ эдвайзерлері Г.К.Дайрабекова  «ЦУР 11: Тұрақты қалалар мен елді мекендер» атты тақырыбында іс-шара өткізді.  «ЦУР 11: Тұрақты қалалар мен елді мекендер» - бұл БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының бірі, оның мақсаты - қалалар мен елді мекендердің қауіпсіз, инклюзивті, тұрақты және тұрақты дамуымен қамтамасыз ету. Студенттермен қаланың дамуы туралы негізгі мақсаттар: Тұрақты урбандалдыру: Қалалардың дамуын тиімді жоспарлау, инфрақұрылымды жаңарту және халықтың өсуін ескеру. Қолжетімді тұрғын үй: Тұрғындардың қолжетімді баспанаға қол жеткізуін қамтамасыз ету, тұрғын үйдің сапасын жақсарту. Ғимараттардың шатырларында және қабырғаларында өсімдіктер өсіру арқылы қаланың экологиялық жағдайын жақсарту. Орталық және тұрғын аудандарда экологиялық бақтар мен көкөніс бақтарын ұйымдастыру. Көлік және мобильділік: Тұрақты қоғамдық көлік жүйелерін дамыту, автокөліктердің зиянды әсерін азайту. Яғни қаланы ластанған ауадан сақтау туралы айтылды. Қалалық экология: Жасыл аймақтарды көбейту, экологиялық таза технологияларды енгізу, қалалардың экологиялық тұрақтылығын арттыру. Жасыл аймақтар стрессті азайтып, физикалық белсенділікті арттырады. Жасыл инфрақұрылым туризм мен жер бағасының артуына ықпал етеді. Әлеуметтік инклюзия: Барлық тұрғындардың, әсіресе осал топтардың, құқықтарын қорғау және олардың өмір сапасын жақсарту.   
Жасыл аймақтарды көбейту және экологиялық таза технологияларды енгізу — тұрақты қалалар мен елді мекендердің дамуы үшін маңызды аспектілер. Бұл бағыттар экологиялық теңгерімді сақтауға, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға және климаттың өзгеруіне қарсы күресуге көмектеседі.