- Басты бет
- Жаңалықтар
- профессор Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызының 70 жас мерейтойына және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Шығыс елдері дамуының прагматикалық тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми конференция өткізіледі
профессор Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызының 70 жас мерейтойына және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Шығыс елдері дамуының прагматикалық тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми конференция өткізіледі
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті 2024 жылдың 29 қарашасында ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, шығыстанушы-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызының 70 жас мерейтойына және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына арналған «Шығыс елдері дамуының прагматикалық тәжірибесі» атты халықаралық ғылыми конференция өткізеді.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
• Модернизация мәселелері мен мүмкіншіліктері: қазіргі кезеңдегі Шығыс стратегиялары
• Дамудың мәдени негіздері: Шығыстың гуманитарлық білімі мен зияткерлік құндылықтары
Конференцияға ҚР ылым және жоғары білім министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, ҚР-дағы Қытай Халық Республикасының Елшілік өкілдері, отандық және шетелдік зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысады.
Басқа жаңалықтар

