.jpg)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары Г.Ә. Машинбаева, Г. Ә. Мұсаева, Р.И. Дүйсенбаева, М.П. Ешимов, А. Казмагамбетова шетелдік студенттер арасында ТДБ-4 «Сапалы білім беру» бағытында «Бауырсақ пати» ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты шетелдік тіл үйренушілерді қазақтың ұлттық тағамы бауырсақтан ауыз тигізу. Бауырсақ қазақтың мерекелеріне қойылатын ұлттық дәмнің ең қадірлісі, негізгісі екенін білдіру. Қазақ ұғымындағы «Нан-ас атасы» деген пікірді түсіндіру. Аталған шарада қазақтың ұлттық киімдері де дәріптелді. Шетелдік тіл үйренушілер өздері оқып жүрген елдің мәдениетінен көп қосымша мәлімет алды.
Басқа жаңалықтар

7 мамыр, 2025