Ұлттық құнд ылықт ар – ұлт мақтанышы: Менің Отаным – Қазақстан РеспубликасыFarabi University

51

Ұлттық құнд ылықт ар – ұлт мақтанышы: Менің Отаным – Қазақстан Республикасы

23 қазан, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Механика-математика факультетінде 1-курс студенттерінің қатысуымен Филология факультеті, Шетел тілдері кафедрасы  халықаралық деңгейде БҰҰ «Тұрақты даму мақсаттары: Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар (16)» бағдарламасы бойынша және Ел Президентінің «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауына байланысты, «Адал азамат» концепциясы аясында Республика күні мерекесіне орай  “Ұлттық құндылықтар – ұлт мақтанышы: менің Отаным – Қазақстан Республикасы” атты тәрбиелік іс-шара өткізді. Аталған іс-шарада тәуелсіздігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып,  студенттеріміз туған жер, туған тіліміз туралы ақпараттар, мақал-мәтелдер айтып, өлең-жырлар оқыды. Шетелдік қонағымыз – авиамеханик Польшалық азамат Dominik Krystian Radwan мырза іс-шараға қатысып, Қазақстан Республикасы туралы мол рухани-танымдық ақпараттар алғандығын айтып, бүкіл қазақстандықтарды Республика күні мерекесімен құттықтап, халықаралық достық қарым-қатынасымыздың нығая беруіне тілектестігін білдірді. Танымы мол іс-шараның соңында майталман күйшілеріміз Адай күйін орындап, жақсы көңіл-күй сыйлады.

Ұйымдастырушылар: аға оқыт. Жубанова К.Х., Бекмашева Б.Н., Куралова А.Т., Мырзабаева А.Ж., Турсынбекова У.Т., Жемилева М.М., Ушкемпиров Б.М.