- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Денсаулығыңыз – өз қолыңызда!» инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша кураторлық тәрбие сағат
«Денсаулығыңыз – өз қолыңызда!» инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша кураторлық тәрбие сағат
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсатының 3-ші мақсаты «Жақсы денсаулық және амандық» аясында «Метеорология» мамандығының 2-курс студенттеріне инфекциялық аурулардың алдын алу тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Кураторлық сағат барысында студенттер инфекциялық аурулардың әртүрлі себептері болатынын және олардың қоғам денсаулығына елеулі қауіп төндіретіні жайлы ақпараттар алды. Қызылша, тұмау, туберкулез, адам папилломасы вирусы және серозды менингит сияқты қауіпті инфекциялар жайлы перезенатция көрсетілді Топ кураторы әрбір аурудың таралу механизмдерін, белгілерін және алдын алу жолдарын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Кураторлық сағаттың соңында келесідей маңызды тұжырымдар айтылды:
- Инфекциялық аурулардың табиғатын білу оларды уақтылы анықтап, алдын алуға көмектеседі.
- Салауатты өмір салтын ұстану – көптеген инфекциялардан қорғаудың ең тиімді жолы.
- Әрбір адам өзінің денсаулығы үшін жауапты – дене мен ақыл-ойға ұқыпты қарау ұзақ әрі дені сау өмірге жасалған маңызды қадам.
Кураторлық сағатты қорытындылай келе барлық ауруларды алдын алудың бір жолы – ол салауатты өмір салтын ұстану керектігі маңызды екені айтылды. Әр адамның денсаулығы өз қолында екенің ұмытпау керек!
Басқа жаңалықтар

