MechFEST іс-шарасының қорытындылары

03.10.2024, бейсенбі күні сағат 18:00-де Механика-математика факультетінің Қызыл залында студенттік деканаттың ұйымдастыруымен және факультеттің деканаты басшылығының белсенді қолдауымен жастар қоғамдық ұйымдарының MechFEST іс-шарасы өтті. 1-курс студенттеріне жаңадан сайланған студенттік декан таныстырылып, факультетте жұмыс істейтін 8 жастар қоғамдық ұйымының барлығы қатарларына жаңа мүше ретінде «балмұздақтарды» тарту үшін өз өнерлерін паш етіп, көрермендерді тәнті етті.
Іс-шара студенттердің қоғамдық белсенділігін дамытуға және университет өміріне жастарды тартуға ықпал ететін идеялармен алмасу және байланыс алаңына айналды. Сонымен қатар, қатысушылар жеке және кәсіби дағдыларды дамытудың алуан түрлі мүмкіндіктері туралы ақпарат алып, қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған іс-шаралармен танысты. Бұл бастамалар факультетте студенттер арасында ұйымшыл және қолдаушы қауымдастықты құруға көмектеседі.
Айтулы іс-шара Тұрақты даму мақсаттарымен, атап айтқанда 4-мақсат – инклюзивті және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ілгерілетумен тікелей байланысты. Белсенді студенттер қауымдастығын құру жастарға топтық жұмыс, көшбасшылық және әлеуметтік жауапкершілік дағдыларын дамытуға көмектеседі, бұл олардың кәсіби дамуына және тұрақты қоғамға қосқан үлесіне одан әрі әсер етеді.
Басқа жаңалықтар

