«Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде сапалы білім беру» тақырыбына халықаралық онлайн семинарFarabi University

51

«Тұрақты даму мақсаттары шеңберінде сапалы білім беру» тақырыбына халықаралық онлайн семинар

3 қазан, 2024

2024 жылдың 3 қазанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның филология факультетінің шет тілдері кафедрасының оқытушылары: И. Г. Оразбекова, Д. М. Махметова, А. О. Бекалаева, Г. К. Кулжанбекова, Г. К. Мурумбаева, А. Р. Халенова, 3.А. Тлеугабылова төртінші тұрақты даму мақсатын танымал ету аясында (ТДМ 4: Инклюзивті және тең сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ілгерілету) «Тұрақты даму мақсаттары: сапалы білім» тақырыбында халықаралық студенттік онлайн семинарын өткізді. Онлайн семинарға Экономика және бизнес жоғары мектебінің бірінші және екінші курс студенттері, шетелдік студенттері, Химия және химиялық технология факультетінің студенттері, сонымен қатар Бангладештің Оңтүстік-Шығыс университетінің студенті Нишат Джахан Нила қатысты. Нишат Джахан Нила Дакка қаласында орналасқан университет, оқу бағдарламалары, кредиттік жүйе туралы ақпарат беріп, университеті туралы бейнеролик түсірді.

 Семинар модераторы И.Г.Оразбекова QS World University Rankings рейтингіне шолу жасады. ҚазҰУ – Қазақстан және Орталық Азия жоғары оқу орындары арасында ең үздік 200 университеттің қатарына енген алғашқы және жалғыз университет. Университет оқытушылар мен студенттердің арақатынасы, студенттер саны, халықаралық зерттеу желісі және тұрақты даму көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

Онлайн платформа шетелдік студенттерге ҚазҰУ-да оқу тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік ұсынды . Ауғанстаннан келген "Менеджмент" мамандығының студенті Амири   Бехишта жоғары білімге, студенттердің ұтқырлығына қол жеткізуге мүмкіндік беретін Болон процесінің стипендиялық бағдарламаларының маңыздылығы туралы айтты . Ұйымдастырушылар студенттердің негізгі стипендиялық бағдарламалар, кредиттік оқыту жүйесі және ағылшын тілінен халықаралық тесттер бойынша білімдерін тексеретін ақпараттық тест өткізді.