Құмбел шыңына альпиниада ұйымдастырылды
29 қыркүйек күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығы және Халықаралық Туризм күніне орай География және табиғатты пайдалану факультеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасы және университетке қарасты “Буревестник” альпинистік секциясының еріктілерінің ұйымдастырумен Іле Алатауында орналасқан Құмбел шыңын (3200 м) бағындыру альпиниадасы өтті.
Бұл іс-шараға факультет деканы Ақтымбаева А.С., кафедра меңгерушісі Байбуриев Р.М., кафедра оқытушылары Артемьев А.М., Бейсахмет А.А., Қалиева А.Б., Әділбай Б.С. және кафедра студенттері белсене қатысты:
Шыңға жалпы саны 45 студент көтерілді, барлық студенттер Құмбел-2024 төсбелгісімен марапатталды.
Ұйымдастырылып отырған альпиниада Тұрақты дамудың келесідей мақсаттарына негізделген: 3 - жақсы денсаулық және әл ауқат; 5 - сапалы білім беру.
Басқа жаңалықтар

