«Әділ мемлекет. Бір ұлт. Өркендеген қоғам» атты талқылауFarabi University

51

«Әділ мемлекет. Бір ұлт. Өркендеген қоғам» атты талқылау

21 қыркүйек, 2024

2024 жылдың 21 қыркүйегінде «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс филологиясы» мамандықтарының 1 курс студенттерімен куратор Рысбаева А.Б. «Әділ мемлекет. Бір ұлт. Өркендеген қоғам» атты талқылау өткізді. Талқылауға қатысушылар отансүйгіштік, білімділік, еңбексүйгіштік, тәртіп, жауапкершілік пен әділдік сынды қасиеттер олардың болашақта табысты дамуына, сондай-ақ еліміздегі жан-жақты әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге ықпал ететінін атап өтті. Өйткені, осындай қасиеті бар ұрпақ кез келген ғылыми жаңалықтарға қол жеткізе алады.