- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл -Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студентінің Президент жолдауына пікірі
Әл -Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студентінің Президент жолдауына пікірі

2024 жылы 2 қыркүйекте ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына өз жолдауын жолдаған болатын.Бұл біздің бірнеше жылдық дәстүр болып қалыптасып қалған парламент отырысы. «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм». Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жолдауына арқау болған тақырып осылай аталды.Елбасымыз ең алдымен басым бағыттарды қарастыра отыра, Қазақстан азаматтарының тұрмыс-тіршілігін жақсарту негізінде жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударған. Әрі бұл жолдауда түрлі бастамалар мен ұсыныстар қарастырылды. Еліміздегі шешімін жылдар бойы таппай келе жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық мәселелер талқыға салынды. Тілге тиек етіп тағы бір мәселе зорлық-зомбылық сынды т.б, жемқорлыққа қарсы қатаң түрде заң қабылдауды да айтқан еді. Бұл жаңа бастамалар еліміздің жоғарғы оқу орнындағы студенттеріміздің арасында да жақсы бастамалар алып, заң жақсы жағынан қабылданып, елімізді жақсы жаққа қарай өзгертетіне жақсы көз-қарастар көп. Президентіміздің жолдауы “Әділетті Қазақстан”, ”Жаңа Қазақстан” құру мақсатындағы идеялық шара екені белгілі. Азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету, өнеркәсіп, салық жүйесі, экономика сынды өзекті мәселелер алдағы уақытта өз шешімін табатынына осы жолдау кепіл болмақ. Президентіміз бұл жолдау арқылы еліміздің жастарына жаңа бастамаларға деген сенімділікті, болашаққа деген нық сенімді қалыптастырып, жаңа леп берді. Жарқын болашаққа бізден күтер үміт көп!
Балгинбаева Перизат, филология факультеті, әдебиеттану мамандығының 2-курс студенті
Басқа жаңалықтар


