- Басты бет
- Мұражай
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қытай Халық Республикасы Сиань қаласының студенттері жазғы лагерьге келді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қытай Халық Республикасы Сиань қаласының студенттері жазғы лагерьге келді.
21 тамыз, 2024

“Бір белдеу, Бір жол” Мәдени-мұра бағдарламасы аясында Халықаралық ынтымақтастық лагеріне келген Қытай Халық Республикасының Солтүстік- Батыс Политехникалық Универститетінің 34 студенті мен 3 оқытушысы ҚазҰУ-ға келді.
Ұйымдастырылған жазғы лагердің мақсаты – Қазақстанның тарихымен таныстыру, еліміздегі жоғары оқу орындары туралы ақпарат беру, Қазақстанның ЖОО-ларына магистратураға оқуға түсуге қызықтыру. Өтіп жатқан шараға Қытай тарапынан оқытушы-профессорлар да қатысып жатыр. Аталған лагерде тарих және мәдени салаларға басымдық беріліп отыр
Кампустур барысында қонақтар тарих факультетінің тыныс тіршілігі мен музейлерііне саяхат жасады.
Басқа жаңалықтар

30 сәуір, 2025

29 сәуір, 2025