ҚазҰУ ғалымдары Тұрақты дамудың 17 мақсатын ілгерілету бойынша БҰҰ агенттіктерімен ынтымақтасудаFarabi University

51

ҚазҰУ ғалымдары Тұрақты дамудың 17 мақсатын ілгерілету бойынша БҰҰ агенттіктерімен ынтымақтасуда

5 маусым, 2024

Халықаралық қатынастар факультетінің деканы Лейла Федоровна Деловарова сарапшылар тобының Кеңесіне және "Солтүстік және Орталық Азиядағы көші-қон бойынша фактологиялық базаны нығайту: деректер, гендерлік аспектілердің әсері және ақша аударымдары" тақырыбында өткізілген әлеуетті арттыру семинарына қатысты.

Жиналысты БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік Комитеті мен Азия және Тынық мұхиты жөніндегі Комиссия (ЭСКАТО) ұйымдастырды. Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері қатысты.

Кездесу Солтүстік және Орталық Азия елдерінің үкіметтері тағайындаған мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық үйлестірушілерді, сондай-ақ академиялық қауымдастық, азаматтық қоғам және халықаралық ұйымдардың сарапшыларын біріктірді.

Іс-шараның мақсаты – халықаралық көші-қонды және көші-қон туралы жаһандық шарт аясында тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды талқылау; халықаралық көші-қон туралы деректерді жинау бойынша әлеуетті арттыру, сондай-ақ Солтүстік және Орталық Азиядағы көші-қон жөніндегі зерттеу жұмыстары туралы талқылау және кері байланыс алу.

Іс-шара 4-5 маусым күндері Алматы қаласындағы "БҰҰ-Плаза" ғимаратында өтті.