Стамбул университеті, теология факультетінің декан орынбасарымен кездесуFarabi University

51

Стамбул университеті, теология факультетінің декан орынбасарымен кездесу

6 желтоқсан, 2023

6.12.2023. Стамбул университеті, теология факультетінің декан орынбасары Doç.Dr. Sultan Şimsek ханыммен, осы факультеттің (Faculty Of Theology, Department Of Hadith) доценті, исламтанушы (Islamic Studies – Islamic Law), Assoc. Prof. Mustafa Celil Altuntas мырзамен кездесу болды. «Әбу Насыр әл-Фараби іліміндегі тіл философиясы мен философия тілі» және «Әл-Фараби мен түркі ғұламаларының мұрасындағы ізгі адам: компаративистік дискурс»  жобалары жайында таныстырылым жасалды және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі ғылыми зерттеу жұмыстары, философия және саясаттану факультетінің дінтану, исламтану кафедрасының бағыттары бойынша мәліметтер беріліп, ортақ жобалар бойынша ынтымақтастық бағыттары  ұсынылды. Стамбул университетінің теология факультеті – Түркияда құрылған алғашқы теология факультеті. Факультет кәсіби білікті теологтарды дайындауға бағдарланған. Факультеттің тамыры Селжұқ медресесі жүйесінен бастау алады. Фатиха медресесінің, Сүлеймания мен Дарульфюнун-и Османи медресесінің оқу бағдарламалары және осы мекемелердегі студенттер мен оқытушылар болған ғалымдардың жетістіктерінен бастау алады.

Факультеттің бағдарламалары, олардың ерекшеліктері, шетелдіктерге арналған бағдарламалар туралы терең және жан-жақты мәліметтер алынып, магистранттар мен докторанттар үшін зерттеу базасы болу мүмкіндіктері туралы ұсыныстар айтылды. Кездесу туралы ақпарат университеттің сайтында () және әлеуметтік желіде () жарияланды.

Стамбул университетінің жанындағы «Farabi Avrasya Çalışmaları Uygulama ve Araştırma Merkezi»   («Фараби Еуразиялық зерттеулер бойынша қолданбалы және зерттеу жұмыстары орталығы») орталығында болып, орталық басшысы Prof.Dr. Abdullah KIZILCIK мырзамен кездесу өтті.  

Сондай-ақ Süleymaniye Yazma Eser Kütüphanesi, Rami Kütüphanesi кітапхаларында зерттеулер жасап, «Әбу Насыр әл-Фараби іліміндегі тіл философиясы мен философия тілі» жобасы аясында билиографиялық материалдар, жобаға қажетті мәліметтер алынды.