.jpeg)
Бүгін Наурызнама онкүндігінің жетінші күні. Бұл күн - Ұлттық спорт күні🤼♀️ деп жарияланған. Ел ішінде өтетін кез-келген мереке ұлттық ойындарсыз өтпейді. Ең танымал спорттық шаралар, олар бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту. Осы ойындар арқылы көпшілік халқымыздың салт-дәстүрлерімен де таныса алады. Біздің ұлттық спортымыз – тек сайыс пен жарыс емес, онда көшпелі тұрмыстың рухы бар. Ұлы Далада күш-қайрат, ептілік, өзін-өзі кемелдендіруге ұмтылыс, жақындарына тіреу болу қабілеті өмір сүру мен дамудың кілті саналған. Осы мерекеге орай “Компьютерлік инженерия” мамандығының 2курс студенттері іс-шара ұйымдастырған болатын. Дәстүрімізді дәріптеу өзімізден, өз ортамыздан басталатынын ұмытпайық. Бүгінгі күн - ертеңгі тарих
Басқа жаңалықтар

