
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының дебиет пен өнер саласындағы 2018 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреаты. «Астана Опера» мемлекеттік опера жне балет театрының бас дирижері, Ирландия (Дублин) Ұлттық радио жне теледидар симфониялық оркестрінің бас дирижері жне көркемдік жетекшісі.
1979 жылы 30 мамырда Алматы қаласында музыканттар отбасында дүниеге келген. 1996 ж. Бөрібаевтар отбасы Грекияда тұрды, онда жас жігіт скрипкада ойнауды үйренді. Әкесі ұлын дирижерлік өнерге қызықтырды. Осылай, Педротти атындағы дирижерлер байқауының бірінші турында 18 жасар Алан дирижерлік жолын бастады. Оның басқаруымен Игорь Стравинскийдің «Аполлон Мусагет» жне Г.Ф.Гендельдің «Koncerto grosso» атты неоклассикалық балеттері орындалды. Алан Бөрібаев К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық орта мамандандырылған музыка мектебін (1997) жне үш жарым жыл ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын екі мамандық бойынша: скрипка жне опералық-симфониялық дирижерлық сыныбы бойынша үздік бітірген. Содан кейін л-Фараби атындағы ҚазҰУ философия жне саясаттану факультеті магистратурасының мдениеттану бөлімінде жне Вена музыка жне орындаушылық өнер университетінде оқуын жалғастырды. Философия магистрі.
Алан - еуропалық оркестрлерді басқаратын алғашқы қазақ дирижері. 2004-2007 жылдары Алан Асқарұлы - Астана симфониялық оркестрінің бас дирижері. Осы кезеңде - Оңтүстік Тюрингия (Германия) Мейнинген мемлекеттік операсының бас музыкалық директоры. 25 жасында Ж.Оффенбахтың «Гофман ертегілері», В.А. Моцарттың «Идоменей» жне «Свадьба ба Фигаро», Л.Яначектің «Енуфа», К.М. фон Вебердің «Еркін атқыш», Р. Штраустың «Саломея», фон Шиллингстің «Мона Лиза», Дж. Вер-дидің «Трубадур», Р. Вагнердің «Летучий голландец» операларын қойды.
Дирижердің репертуарында лемдік музыкалық дебиеттің барлық үлгілері бар: батыс еуропалық композиторлардың, орыс, кеңестік композиторларының шығармалары. Шет елдерде дирижерлік еткен Алан Асқарұлы рдайым қазақ композиторлары Құрманғазы, Л.Хамиди, А.Жұбановтар, М.Сағатов, Т.А.Бестыбаевтың музыкасын насихаттайды.
Халықаралық байқаулар мен фестивальдар дипломанты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестріне, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера жне балет театрының оркестріне, "Солистер Академиясы" Мемлекеттік камералық оркестріне дирижерлік етті. Бүгінгі таңда Ирландия елінің Ұлттық симфониялық оркестрінің музыкалық жетекшісі. Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның түлегі қазірде Еуропалық оркестрлермен жұмыс атқарады. Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Нидерланд елінің Брабанд оркестрінің бас дирижері.
Басқа жаңалықтар

