Асылов Берік НоғайұлыFarabi University

51

Асылов Берік Ноғайұлы

8 сәуір, 2024

Қазіргі лауазымы:
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры

Туған күні:
1964 жылғы 28 ақпан

Туған жері:
ҚазКСР, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Берлік ауылы

Отбасылық жағдайы:

  • Үйленген

  • Төрт баланың әкесі

Тілдерді меңгеруі:

  • Қазақ

  • Орыс

  • Ағылшын

Білімі мен біліктілігі:

  • 1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті, мамандығы: заңгер

  • Аға заң кеңесшісі

Еңбек тәжірибесі:

  • Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының аға тергеушісі; Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында аса маңызды істер жөніндегі тергеуші және аға тергеуші; Алматы авиациялық көлік прокурорының орынбасары; Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының бөлім басшысы; Шымкент қаласының прокуроры; Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары және бірінші орынбасары.

  • Батыс өңірлік көлік прокуроры (2006 жылғы желтоқсан — 2008 жылғы наурыз).

  • Ақтөбе облысының прокуроры (2008 жылғы наурыз — 2010 жыл).

  • Қазақстан Республикасының Бас прокурорының орынбасары (2010 жылғы маусым — 2011 жыл).

  • Алматы қаласының прокуроры (2011 жылғы қыркүйек — 2017 жылғы ақпан).

  • Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры (2017 жылғы ақпан — 2019 жылғы наурыз).

  • Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бірінші орынбасары (2019 жылғы наурыз — 2022 жылғы наурыз).

  • Қазақстан Республикасының Бас прокуроры (2022 жылғы 3 наурыздан бастап).

Қосымша лауазымдары:

  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі (2021 жылғы 18 қыркүйектен бастап).

Мемлекеттік және халықаралық марапаттары:

  • Медальдар:

    • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»

    • «Ерен еңбегі үшін»

    • «Астананың 10 жылдығы»

    • «Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін»

 

 

Басқа жаңалықтар