«Үздік жас ғалым»Farabi University

51

«Үздік жас ғалым»

6 сәуір, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма төрағасыректоры. Жансейіт Түймебаев ылым қызметкерлері күні қарсаңында университеттің жас ғалымдарымен кездесу өткізді. Медицина жне денсаулық сақтау факультетінің іргелі медицина кафедрасының аға оқытушысы Млік Ажар Млікқызы л-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Үздік жас ғалым» байқауының жеңімпазы атанды.

 

Млік Ажар Млікқызы – жас ғалым, микробиолог, биотехнолог. Ажар Млікқызы 2016 жылы л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Биотехнология» мамандығын аяқтап, магистратурада (2016-2018) жне докторантурада (2019-2022) оқуын жалғастырды. Сонымен қатар, Млік А.М. 2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ТМД елдерінің «Үздік жас ғалым-2020» конкурсының жеңімпазы атанды. Бүгінгі таңда Ажар ғылымда жас ғалым болғанымен, 50-ден астам ғылыми еңбектің, 2 монографияның, Scopus деректер базасында индексацияланатын 3 мақаланың (Q1-2, Q2-1), Қазақстан Республикасы ылым жне жоғары білім министрлігінің ылым жне жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған 30 мақаланың авторы, 15 – халықаралық деңгейдегі ғылыми конференциялар, семинарлар, симпозиумдар материалдарында жарияланған тезистер, 5 – республикалық деңгейдегі ғылыми конференциялар, семинарлар, симпозиумдар материалдарында жарияланған тезистер, сонымен қатар өнертабысқа 1 патенті бар, 1 пайдалы модельге патент жне 1 авторлық кулік. Жас ғалым қазіргі таңда ғылыммен белсенді айналысады.

Млік А. М. өзінің ұстаздық қызметінде студенттердің практикалық дағдылары мен дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Млік А.М. 6 жылдан астам ғылыми-педагогикалық тәжірибесі бар. Әртүрлі ғылыми жобаларға қатысты: «Қайта өңделмеген жне тыйым салынған пестицидтердің Алматы облысы тұрғындарының генетикалық жағдайы мен денсаулығына әсерін кешенді бағалау: пестицидтерді көму орындарына іргелес аумақтың микробтық алуантүрлілігін анықтау, тұрақты органикалық қосылыстарды деградациялайтын микроорганизмдерді скринингтен өткізу» (2018-2020 жж.), «Тотықтанған қоңыр көмір жне зоомикробтық консорциум негізінде жоғары белсенді «биогумус-плюс» препаратын алу биотехнологиясын дамыту» (2019-2020), «Экологиялық таза өнім өндіру биотехнологиясын дамыту, Ленгір көмір кен орнындағы қоңыр көмір негізіндегі түтінсіз брикеттелген отын жне отын энергиясын тиімді пайдалану үшін сурфактант синтездеуші микроорганизмдер скринигтеу» (2019-2020 ж.ж.), «Сүт сарысуы жне өсімдік шикізаты негізінде жемдік белоктық препараттар алуда ашытқы консорциумдарын құру» 2020-2021), «Иммобилизацияланған ашытқы жасушаларын пайдалана отырып, сарысуды үздіксіз ашыту арқылы биоэтанол өндіру» (2021-2023 жж.), Хлорорганикалық пестицидтермен ластанған топырақтарды биоремедиациялау үшін штамм-деструкторлар негізінде консорциум құру (2023-2026 жж.) .