“League of chemists” IV ұлттық интеллектуалды ойынFarabi University

51

“League of chemists” IV ұлттық интеллектуалды ойын

29 наурыз, 2024

Физикалық химия, катализ және мұнай химиясы кафедрасы наурыз айының 27 жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 90 жылдығына арналған Қазақстан Республикасы ЖОО студенттері арасында “League of chemists” IV ұлттық интеллектуалды ойын өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: достық қарым-қатынасты кеңейту және студенттердің ғылыми потенциалын анықтау және көтермелеу болып табылады (Тұрақты даму мақсатттары: сапалы білім).

Ойын 4 турдан тұрды: таныстыру, блиц-тур, практикалық тапсырма, «қара жәшік». Келесі жоғары оқу орындарынан 7 команда қатысты: Ideal (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Осмий (Абай атындағы ҚазҰПУ), H2O (Асфендиярова атындағы ҚазҰМУ) https://kaznmu.edu.kz, The teachers (СДУ), Монооксид Дигидрогена (Satbayev University) https://satbayev.university/ru, Катализаторлар квартеті (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ), Кристальные умы (КБТУ).

Бірінші орынды Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың «Дигидроген монооксиді» командасы, екінші орынды-SDU «the teachers», үшінші орынды-ҚазҰУ-дың «Катализатор квартеті» иеленді. Жүлдегерлер сәйкесінше 70 000, 50 000, 30 000 ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Батырбаева А.А.

Жусупова А.К.

Ажигулова Р.Н.

Тусупбекова А.С.