Химия және химиялық технология факультетінің студенттік деканын тағайындау бойынша сайлау өттіFarabi University

51

Химия және химиялық технология факультетінің студенттік деканын тағайындау бойынша сайлау өтті

18 наурыз, 2024

Университетімізде наурыз айының 18-і күні Химия және химиялық технология факультетінің студенттік деканын тағайындау бойынша студенттер арасында сайлау өтті. Студенттік деканға үміткер ретінде Аблай Мәдина мен Жолдас Мерей сайлауға түсті. Сайлауға жалпы 500-ге жуық студент қатысып, өз таңдауларын жасады. Сайлау нәтижесі бойынша студенттік деканға үміткер Аблай Мәдина – 61,9% дауыс жинаса, Жолдас Мерей – 38,1% дауыс жинады. Сайлау әділ түрде өтіп, Аблай Мәдина – Химия және химиялық технология факультетінің студенттік деканы болып тағайындалды.