“052-Қоршаған орта” оқу-әдістемелік бірлестігінің мәжілісі

14 наурыз 2024 ж. Қазақстан Республикасы ылым және жоғары білім министрлігі, Су ресурстары және ирригация министрлігі, «Гидрология», «Су ресурстарын басқару» және «Гидрометеорология» білім беру бағдарламалары бойынша кадрларды даярлауды іске асыратын алыс және жақын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының қатысуымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанында өтетін “052-Қоршаған орта” оқу-әдістемелік бірлестігінің мәжілісі өтті.
Мжіліс қатысушыларының құрамы: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті, Қырғыз-Ресей Славян университеті, Тәжікстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Өзбекстан Республикасының Әлемдік экономика және дипломатия университеті; Ресей мемлекеттік гидрометеорологиялық университеті (Санкт-Петербург, Ресей), Валенсия политехникалық университеті (Валенсия, Испания), Экологиялық проблемаларды зерттеу институты, Орталық Азияның аймақтық экологиялық орталығы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жаратылыстану факультеті, «Қазгидромет» РМК, ҒЗИ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Нархоз университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университет., Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті.
Кездесу барысында келесі мәселелер талқыланды:
– Қазақстанның су ресурстары және оларды ұтымды пайдалану мәселесі.
– Қазақстанның таулы және жазық өзендеріндегі қатты ағынды сулардың мониторингі бойынша мамандарды даярлау.
– Қазақстанның су ресурстары бойынша халықаралық жобалар және оларды жүзеге асыру жолдары туралы.
– «Су дипломатиясы» халықаралық білім беру бағдарламасы туралы.
Кездесу барысындағы презентациялар:
Басқа жаңалықтар
