
08.09.2023 Философия және саясаттану факультеті,саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы аға оқытушысы саясаттанушы-конфликтолог Ахмаганбетов Руслан Муханбеткалиұлы бастамасымен "Тұрақты даму және жер мәселесі" тақырыбында тікелей эфир өткізілді.
Тікелей эфирдің негізігі міндеттері:
1)Қазақстан Республикасының әлемдік саяси аренада алдыңғы қатарлы дамушы мемлекеттермен салыстыра даму стратегиясын анықтау;
2)Ел азаматтарымен жер мәселесін талқылай отырып өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалану бойынша кеңес беру.
Тұрақты Дамудың Мақсаттары(ТДМ):
1. Әлеуметтік сенімсіздік пен теңсіздікті жою;
2. Халықтың үкіметке деген сенімін қалпына келтіру;
3. Экологиялық тұрақтылықты сақтау;
4. Жоғары тиімді экономикалық өсуге ықпал ету;
Тікелей эфир барысында спикер көрерменнен сұрақтар алып толық қамтамасыз етіп жауап бере отырып өз тарапынан ақыл кеңестер берді.
Басқа жаңалықтар

