Жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі кәсіпкерліктің рөліFarabi University

51

Жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі кәсіпкерліктің рөлі

23 қазан, 2023

Эльвира Абдушева «Жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі кәсіпкерліктің рөлі» маңызды тақырыпта семинар өткізді. Іс-шарада кәсіпкерліктің кедейшілікпен күресу, экологиялық тұрақтылық және гендерлік теңдік сияқты тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге айтарлықтай әсер ететіні атап өтілді.
Эльвира – консалтинг, аудит және басқа да қаржылық қызметтерге маманданған «Ernst & Young» ірі жаһандық компаниясының аудит бөлімінің маманы. Эльвира да ҚазҰУ-дың «Экономика» мамандығы бойынша түлегі, қазір университетімізде магистратурада білім алуда. 
Бұл шараның ұйымдастырушысы: экономика ғылымдарының доценті Аида Бегалиевна Айтбембетова.