Қазіргі поэзияның даму тенденциялары
8 қыркүйек, 2022

2022 жылдың 8 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу ғылыми орталығымен бірлесіп, белгілі ақын Өтеген Оралбайұлының 70 жылдығына арналған «Қазіргі поэзияның даму тенденциялары» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Конференция аясында Өтеген Оралбайұлы шығармашылығының ерекшеліктері, оның қазіргі әдеби үдерістегі рөлі талқыланды. ХХ-ХХІ ғасырлардағы қазақ поэзиясының даму заңдылықтары мен үрдістеріне көп көңіл бөлінді. Конференцияға қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары, магистранттары мен студенттері қатысты.
Басқа жаңалықтар

2 мамыр, 2025

2 мамыр, 2025