Инновациялық жетілдіру мәселесі бойынша халықаралық конференция Farabi University

51

Инновациялық жетілдіру мәселесі бойынша халықаралық конференция

12 сәуір, 2023

Алматыдағы Қаныш Сәтбаев атындағы Университетте Қазақстанның негізгі салаларын инновациялық жетілдіру мәселесі бойынша «ылым және технологиялар: идеядан бастап, өндіріске енгізуге дейін» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға отандық және бірнеше шетелдік ғалымдар мен сарапшылар қатысты.Конференция жұмысы, «Технологиялық жетістіктер: тәжірибе мен кейстер», «Өнеркәсіп елдің экономикалық дамуының драйвері ретінде ғылыммен байланысу нүктелері», «Бизнестегі IT» атты үш панельді сессия бойынша өтті. Сонымен қатар аталған саладағы әртүрлі мәселелерді шешудің ықтимал жолдарын ортаға салды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, осындай ашық талқылаулар мен пікірталастар экономикалық дамудың әртүрлі тәсілдері мен стратегияларын зерттеуге және қолданбалы ғылымдағы ынтымақтастық пен инвестицияның жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік бермек. ылыми халықаралық жиынды ҚР Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы мен Сәтбаев Университеті бірлесіп ұйымдастырды.

толық ақпарат сайт сілтемесі:https://aikyn.kz/248774/innovatsiyalyk-zhetildiru-meselesi-boyynsha-halykaralyk-konferentsiya-otti

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-техникалық факультеті жылуфизика және техникалық физика кафедрасының доцентіМанатбаев Рустем Кусаингазыевич өзініңғылыми-тәжірибелік зерттеулерімен бөлісті.