
2023 жылдың 26сәуіріндеәл –Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Бизнес және технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен маңызды іс-шара болып өтті. Кафедра ұстаздары студенттердің білімін арттырумен қоса тәжірбие жинақтауына да ерекше мән береді. Осы мақсатқаорай белгілімаркетолог маман,«ADVERSO GROUP»жарнамаагенттіктің негізін қалаған Иван Лелетка,«Логистика»және«Маркетинг»мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге арнайы дріс өткізді.«Жарнаманы сауатты жүргізу» тақырыбына арналған дріс өте өзекті әрі маңызды бағытты қамтыды. Қазіргі ақпараттық кезеңде жарнаманың қоғамдағы орны ерекше екені белгілі. Әсіресе сауатты жарнама жүргізу үлкен істің бастауы болып саналады. Спикер заманауи технологияларды дұрыс қолдану, ақпараттық мүмкіндіктерді оңды пайдалану туралы өз тәжірбиесін ортаға салды. Мұндай тақырып студенттерді де ерекше қызықтырды. Қалай кәсіп бастау керек, кәсіпкерліктегі жарнаманың орны. Логистиканыңертеңімен маркетингтің болашағы секілді түрлі тақырыптар талқыланды. Студенттер қауымына тек теория жүзінде емес, осындай нақты практикалық бағыттағыдрістердің берері мол.Жастар нақты іспен айналысып отырған маманның пікірін тыңдап, құнды мәліметтер алды. Қоғамда кәсібін табысты жүзеге асырып отырған Иван Лелета да бұлдрісөзінедеүлкен әсер бергенін білдіріп, біздің қоғамда жастарға үлкен мүмкіндіктер бар екенін жеткізді. Бұл үшін білім мен біліктілік қажет екенін ерекше атап өтті. Белгілі маманмен өткендрісжас талаптардың болашақ өмірлеріне үлкен тәжірбие болары сөзсіз.
Ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Бизнес технологиялар» кафедрасының ПОҚ-ы.: Ахметова З.Б., Турлыбекова Н.М.,Болтаева А.Ж.,Маликова Р.М.,«Логистика» және «Маркетинг» мамандықтарының студенттері.
Басқа жаңалықтар

