- Басты бет
- Жаңалықтар
- Механика-математика факультетінің оқытушылары «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» байқауының жеңімпазы атанды
Механика-математика факультетінің оқытушылары «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» байқауының жеңімпазы атанды
13 сәуір, 2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ылым апталығы аясында ұйымдастырылған ІI халықаралық Фараби форумының жұмысы қорытындыланды.
Механика-математика факультетінің оқытушылары Кудайбергенов Аскат (математикалық және компьютерлік пішіндеу кафедрасының PhD докторы) және Досмағұлова Қарлығаш (математика кафедрасының оқытушысы) «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» байқауының жеңімпаздары атанды. Форум қорытындысы бойынша «ҚазҰУ-дың үздік жас ғалымы» байқауының 16 жеңімпазына диплом мен 100 мың теңгелік сертификаттар тапсырылды. Жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс пен кәсіби өрлеуді тілейміз!
Басқа жаңалықтар

2 мамыр, 2025

2 мамыр, 2025