ҚазҰУ-да ғылымды дамыту кеңесі құрылады

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кезекті ылыми кеңесініңотырысындаоқу орнының2022 жылғы ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметіқорытындыланып, алдағыдамужоспары сараланды.
Бұлжөніндеылым және инновациялық қызмет департаментінің директоры Еркін Кәкімжановбаяндама жасады.Оның айтуынша,2020-2022 жыларалығында5 235,9 млн теңгені құрайтын305 ғылыми-зерттеу жобасы орындалып,халықаралық және республикалық деңгейдегі 147 іс-шараөткізілген.
2022 жылы«ҚазҰУхабаршысының»толықтай17 сериясы, сондай-ақ«International Journal of Biology and Chemistry»,«International Journal of Mathematics and Physics»,«Physical sciences and technology»және«Interdisciplinary approaches to medicine»атты университеттіңхалықаралық ағылшын тілді журналдарыҚР жЖБ министрлігініңылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіғылыми қызметтің негізгі нтижелерін жариялау үшінұсынатын басылымдар тізіміне енді. Сонымен қатар олар Scopus, Clarivate Web of Science халықаралық дерекқорларына кірді. Көрсеткіштер бойынша«ҚазҰУхабаршысы»және«Ашық жүйелер эволюциясы»журналындажарияланғанғалымдар мен оқытушылар мақалаларының саны–864. 2022 жылы Scopusдерекқоры бойынша жарияланымдар саныныңкөшбасшы үштігіне химия және химиялық технология, физика-техникалықжәнеақпараттық технологияларфакультеттері кірді. ҚазҰУ ғалымдарыныңХирш жиынтық индексі жарияланды:ол2022 жылы 1402-ден 1458-ге дейін көтерілді.
Өз сөзінде баяндамашы диссертациялық кеңестердің жұмысы мен өзгерістеріне тоқталды. Кеңессаны 14-тен 18-ге дейін,албілім беру бағдарламалары бойынша 57-ден 70-ке дейін және кадр даярлау бағыттары бойынша 18-ден 25-ке дейін өсті. Өткен жылы 101 диссертация қорғалып, оның ішінде 15 докторант басқа жоғары оқу орындарының атынан шықты.2022 жылғы докторанттар арасында жарияланым белсенділігідеатап өтілді, оларScopus жәнеWeb of scienceдеректер базасында241 мақала жариялаған.82 (37%)жарияланымшетелдік кеңесшілермен бірлесіпшығарылған. Журналдарда 2021 жылмен салыстырғанда 1,2 квартильдегі жарияланымдар саны 8 пайызға артқан және 2022 жылы339докторантшетелде ғылыми тағылымдамадан өткен.Сонымен қатарспикер 2023 жылға арналған жоспарлар мен зерттеу университетінің стратегиялық міндеттері туралы айтты.
Білім ордасының ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметініңнтижелерібойынша ҚазҰУ-дыңБасқарма Төрағасы– Ректоры Жансейіт Түймебаев жұмысты одан әрі дамыту жәнежетілдіруге бағытталғанбірқатар тапсырмалар берді.
«Біз ғылымды дамытуға баса назар аударуымыз керек.Әр кафедра мен факультеттің ғылыми жобаларына талдау жасау арқылыэкономикалық әсерін анықтау керек.Жобалардықалалар және жалпы елдегі белгілі бір проблемалық мәселелерді шешуге тікелей байланысты өзекті тақырыптар бойынша бөлумаңызды.Коммерцияландыруға әлеуеттіғылыми жобаларэкономиканыңнақты секторынажұмыс істеуі керек. Жобалардың тақырыбын мемлекеттік бағдарламаларға назар аудара отырып, өндірістік сектормен байланыс орнатуарқылы таңдау қажет», – деді ректор.
Сондай-ақЖансейіт Түймебаевғылымды дамыту бойынша тұрақты жұмыс істейтін кеңес ашуды ұсынды. Жобаларды іріктеу бойынша қолданылатын сапа критерийлерін әзірлеу, ғалымдардың жұмыстарына дәйексөз келтіруді біртіндеп арттыру бойыншажан-жақтыжұмыс істеуді атап өтті.Бұған қоса,алдағы уақыттаЖОО ғалымдарынақолдау көрсету,университет ғылымын ілгерілету және дамыту мақсатындағылыми инновациялық белдеу құруқажеттігіналға тартты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

