
2023жылдың21 ақпанкүніәл-ФарабиатындағыҚазақ Ұлттық Университетінің Экономика жәнебизнес жоғары мектебінің"Экономика" кафедрасыашықесіккүнінұйымдастырды.
Мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге болашақ мамандық таңдауында кәсіби бағдар бере отырып қазіргі заман талабына сай экономикалық мамандықтар жөнінде ақпараттар беру.
Іс-шараға«№ 178 мамандандырылған лицей», «№ 159 Ы. Алтынсарин атындағы гимназия», «№ 173 мектеп-лицей», «№ 138 М. Базарбаев атындағы гимназия», «24 лицей» оқушыларықатысты.
"Ашық есік күніне" арналған іс-шараның ашылуына кіріспе сөз экономика факультетінің деканы,Бимендиева Л.А.берілді, ол оқушыларға және барлық қатысушыларға жылы лебізімен бөлісті.Кафедра меңгерушісі Даулиева Ғ.Р. менкафедра оқытушыларыАндабаеваГ.К., Болуспаев Ш.А.болашақ талапкерлерге жалпы білім ордасы, оқытылатын білім беру бағдарламалары, мамандықтар, көрсетілетін қызметтер, аталған оқу ордасында білім алудың артықшылықтары мен ұсынылатын мүмкіндіктері туралыпрезентациялық және бейне шолулар арқылы толық мәлімет беріліп, буклеттер таратылды.Экономика мамандығының 2 курс студенттері Қосбай Зере мен Тәпи Ернар өз мамандығы бойынша түсіндерме жұмысын жүргізді.Оқушылар тарапынан қойылған түрлі сауалдарға толыққанды жауап беріліп, экономика мамандығына деген қызығушылықтарын арттырды.
Іс-шара барысында,«Экономика» кафедрасыныңоқытушылары Иляшова Г.К., Есенгельдиева Г.Т., Тураров Д.Р.пен 1 курс магистранттарыУниверситет Кампусына саяхат жүргізіп, оқушыларды "Керемет" СҚО, әл-Фараби кiтапханасымен таныстырды.
Іс-шара соңында, оқушылар барлық кафедра оқытушылары мен магистранттарға алғысын білдірді.
Басқа жаңалықтар

