ылымдағы әйелдер мен қыздар халықаралық күніне арналған панельдік пікірталас.Farabi University

51

ылымдағы әйелдер мен қыздар халықаралық күніне арналған панельдік пікірталас.

13 ақпан, 2023

10 ақпан, жұма күні Халықаралық қатынастар факультетінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы БҰҰ туралы академиялық Аймақтық ресурстық-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен ғылымдағы әйелдер мен қыздар халықаралық күніне арналған панельдік пікірталас өткізілді. Халықаралық дөңгелек үстел аясында ТДМ (тұрақты даму мақсаттары) – 4, 5, 9,10 және 17 қарастылды.

Халықаралық панельдік пікірталас факультет басшылығының, Алматыдағы БҰҰ Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілі – Властимил Самектің және Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған "Spotlight Initiative" өңірлік бағдарламасының коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі, БҰҰ ҚӨК – Олеся Журавлеваның қатысуымен өтті.

Панельдік пікірталас аясында гендерлік теңсіздікті және әйелдердің Қазақстандағы және әлемдегі ғылымдағы рөлін қозғайтын өзекті мәселелер бойынша 2 баяндама ұсынылды. Іс-шара достық атмосферада өтті, онда барлық қатысушылар әйелдердің ғылымдағы өзекті мәселелері мен жетістіктері туралы әңгімелесу мүмкіндігін пайдаланды. Қатысушылар мен шақырылған қонақтар арасында қызықты пікірталас өткізілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша "Үздік баяндама" және "Үздік пікірталасшы" номинацияларына қатысқаны үшін электрондық сертификаттар мен грамоталар жіберілді.