Қазақстандағы циркулярлы экономиканы дамыту мәселелеріFarabi University

51

Қазақстандағы циркулярлы экономиканы дамыту мәселелері

24 қаңтар, 2023

Жыл сайын әлемде 2 млрд.тонна қалдық түзіледі. 2050 жылға қарай жыл сайын 3,4 млрд. тонна қалдықтардың пайда болуы болжануда. Қалдықтардың пайда болу проблемасы бүкіл әлемде өткір тұр. Біздің планетамыздың ресурстарын өндіретін, олардан өнім шығаратын, содан кейін оны өмірлік цикл аяқталғаннан кейін лақтыратын дәстүрлі сызықтық экономика бұл мәселені шеше алмайды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭжБЖМ ғалымдар тобы Ақнұр Жидебекқызының жетекшілігімен "Қазақстандағыциркулярлыэкономиканы дамыту: әлеует, үрдістер, перспективалар"гранттық қаржыландыру жобасы шеңберінде проблеманы шешуді зерттеумен айналысуда. Командациркулярлыэкономика (ЦЭ) қағидаттарын іске асырудың теориялық негіздерін, қазақстандық және шетелдік тәжірибесін, сондай-ақ дамушы нарықтардаЦЭ енгізудің ерекшеліктері мен шарттарын зерделеді.

Циркулярлыэкономика тұжырымдамасы классикалық сызықтық экономиканың орнына жаңа парадигманы қамтамасыз ету мақсатына байланысты бүкіл әлемдегі ең өзекті тақырыптардың біріне айналды. ЦЭ негізгі R-принциптері (reduce, reuse, refuse, recycle) арқылы қалдықтардың түзілуін азайтуға бағытталған:біз ресурстарды тұтынуды азайта аламыз, қолда бар ресурстарды қайта пайдалана аламыз, кез келген нәрсені тұтынудан немесе пайдаланудан мүлдем бас тарта аламыз немесе қалдықтарды қайта өңдеугежібере аламыз.

Шолу нәтижелері бойынша дамушы нарықтардаЦЭ енгізу хабардарлықтың төмендігі, экологиялық білім мен міндеттеменің болмауы, қалдықтарды бөлек сұрыптауды қоса алғанда, инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, реттеуші ынталандырудың болмауы сияқты кедергілердің болуымен қатар жүреді.