Шетелдік профессор-ғалымдармен бірлескен зерттеу жұмыстарыFarabi University

51

Шетелдік профессор-ғалымдармен бірлескен зерттеу жұмыстары

23 қаңтар, 2023

2023 жылы 12-14 қаңтар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қиыр Шығыс кафедрасының шақырылған профессоры Ли Бенг Джо Қазақстан қалаларында(Алматы, Қызылорда) Кореядан келген зерттеуші-профессорлармен бірлескен далалық жұмыс жүргізді. Корей делегациясы барлығы 5 адамнан тұрды (Гуманитарлық контенц қоғамының төрағасы және Сангмёнг университетінің профессоры Ким Сан Хон, Сокён университетінің профессоры Бан Ми Ён, Жаһандық киберуниверситетінің профессоры Ли Кон Ун және ылыми қоғамның қызметкері Ан У Ри). Бірлескен Зерттеудің мақсаты жапон империализміне қарсы күрескен Қазақстандағы антижапондық патриоттармен байланысты тарихи орындардың жай-күйін зерттеу, сондай-ақ, осы тұлғаларға қатысты сақталған мұрағаттар мен құжаттарды анықтау болды. Профессор Ли Бёнг Джо корей зерттеушілерімен бірлескен зерттеуде әдеби деректерді интерпретациялау мен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде үлкен рөл атқарды және осының арқасында корей зерттеушілерінің тобы бірлескен зерттеуде ірі нәтижелерге ие болды. Кореядан келген зерттеушілер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Шығыстану факультетіне де қонақ болды. (декан Ем Н.Б.). Сапар барысында екі тарап болашаққа қатысты ғылыми іс-шараларды (конференция, семинар және т.б.) және академиялық жобаларды бірлесіп ілгерілету мәселесін талқылады.