Қытайтану кафедрасында Қысқы мектеп ұйымдастырылды
20 қаңтар, 2023
Қытайтану кафедрасының ұйымдастырған Қысқы мектебі өз мәресіне жетті. 2023 жылдың 16 қаңтар күні мектептің жабылу салтанаты өтті. Қытайдың Ухань университетінің 36 студенті осы курсқа тіркеліп, сәтті аяқтап шықты. Оларға «Ұлы Жібек жолы және Қазақстан: тарихы, мәдениеті және өзара байланысы» атты тақырыппен онлайн-курс ұйымдастырылды. Курста «Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы», «Қазақ даласын мекендеген ежелгі тайпалық бірлестіктер және мемлекеттік құрылымдар», «Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің ұлттық ерекшеліктері» деген сияқты қытайлық студенттерді барынша қызықтыратын тақырыптар бойынша дәрістер оқылды.
Басқа жаңалықтар

2 мамыр, 2025

2 мамыр, 2025