ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІFarabi University

51

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

12 қаңтар, 2023

2023 жылдың 12-қаңтар күні Шығыстану факультетінде Жұмыс берушілер кеңесінің мәжілісі өтті. Жиын онлайн форматта болды. Мәжіліске факультет басшылығы мен кафедра меңгерушілері және жұмыс беруші мекемелердің өкілдері қатысты. Факультет басшылығы университеттің Академиялық комитетінің саясатын және оқу бағдарламаларының координаторлары әр бағдарламаның ерекшелігін таныстырды. Қытайтану кафедрасының шақыртуымен "Алматы қаласындағы Қытай Сауда-өнеркәсіп Банкі" АҚ өкілі, Бас операциялық директор Яң Сяо гуаң мен осы банктың қызметкерлермен жұмыс істеу бөлімінің басшысының орынбасары Төлендиева Меруерт, «Бейнеу-Шымкент газқұбыры» ЖШС бөлім меңгерушісі Тауасаров Жамбыл, «Шығыс әдебиеті» компаниясының өкілі Омаров Жеңіс Жұмағұлұлы қатысты. Олар өздерінің мекемелері туралы кеңінен таныстырып, ойларын ортаға салды. Болашақ мамандарды дайындау процессіне олар да қызығушылық танытып, осы үдеріске белсенді атсалысатындарын, қолдан келген көмектерін аямайтындарын жеткізді. Тікелей өндірістің басы-қасында жүрген тісқаққан мамандардың пікірлері мен ұсыныстары білім беру бағдарламаларын дайындау барысында өте маңызды екені даусыз. Жұмысберушілермен арадағы жұмыс мұнан ары да жалғасын табады.