Қытайтану кафедрасы жоспарға сәйкес 2023 жылдың 4-қаңтар күні Қысқы мектептің жұмысын бастадыFarabi University

51

Қытайтану кафедрасы жоспарға сәйкес 2023 жылдың 4-қаңтар күні Қысқы мектептің жұмысын бастады

5 қаңтар, 2023

 Бұл мектеп университеттің стратегиялық дамуын жүзеге асыру және сыртқы академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.  Онлайын өтіп жатқан курсқа ҚХР-дың Ухан университетінің 36 студенті қатысуға өтініш берді. Оларға «Ұлы Жібек жолы және Қазақстан: тарихы, мәдениеті және өзара байланысы» атты тақырыппен онлайн-курс ұсынылып отыр. Курста «Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы», «Қазақ даласын мекендеген ежелгі тайпалық бірлестіктер және мемлекеттік құрылымдар», «Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің ұлттық ерекшеліктері» деген сияқты қытайлық студенттерді барынша қызықтыратын тақырыптар оқылады.