- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қытай тілінен синхронды аударудың ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми семинар өтті
«Қытай тілінен синхронды аударудың ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми семинар өтті
15 желтоқсан, 2022

14 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының «Аударма ісі» мамандығының 1 курс докторанты Шарыпова Анар «Қытай тілінен синхронды аударудың ерекшеліктері» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
Семинар барысында синхронды аударма мәселелері, оның анықтамасы мен түрлері жан-жақты қарастырылып, синхронды аударманың жабдықтары мен аударма процесі, қытай тілінен синхронды аударудың ерекшеліктері қарастырылды. Докторант осы тіл саласында қолданылатын стратегиялар мен әдістер туралы айтты. Семинар соңында баяндамашы қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді. ылыми семинарға қытайтану кафедрасының оқытушылары мен жас ғалымдары қатысты.
Басқа жаңалықтар

2 мамыр, 2025

2 мамыр, 2025