- Басты бет
- Жаңалықтар
- Біріккен Араб Әмірліктері Мәдени дипломатия институтының Мұхаммед Камил әл-Мугини бастаған делегациясымен кездесу
Біріккен Араб Әмірліктері Мәдени дипломатия институтының Мұхаммед Камил әл-Мугини бастаған делегациясымен кездесу

2022 жылдың 12-13 желтоқсан күндері Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушылары мен эдвайзерлері Жумажанова Ф.Т., Мустафаева А.А., Жиекбаева А.Б., Мамедова Ф.З., Хаван А., Калиева Ш.С., Хаван А., Калиева Ш.С., Джубатова Б.Н. А.Қ.Ахметбекова, А.Е.Жұмаділова және бакалавриат студенттері Біріккен Араб Әмірліктерінің Мәдени дипломатия істері бойынша институтынан келген Мұхаммед Камил әл-Муғини бастаған делегацияның Халықаралық араб тілі күніне арналған кездесуін өткізді.
Студенттер араб тілін білуден «Шешендік өнер» сайысын өткізіп, араб тілінде өлең оқып, нашидтар айтты, сахналық қойылымдар қойды, қазақтың ұлттық қару-жарақтарын көрсетті, қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарында ойнады. Байқау нәтижесінде жүлделі орындарға ие болғандар мен байқауға белсенді қатысқандар ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бұл шара Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы байланысты нығайта түсетін жыл сайынғы дәстүрге айналуда.
Басқа жаңалықтар

