Финляндиядан келген профессор Айжас Шейхпен ПОҚ үшін оқыту семинарыFarabi University

51

Финляндиядан келген профессор Айжас Шейхпен ПОҚ үшін оқыту семинары

2 желтоқсан, 2022

02.12.2022 ж. сағат 11.00-13.00. Менеджмент кафедрасыныңшетелдікпрофессоры, PhD Айжаз Шейх (Jyvaskyla университеті, Ювяскюля қ., Финляндия) ЖОО қызметкерлері үшін "Understanding the new pedagogical/teaching methods in the digital era and how to implement them in everyday teaching atKazNU"тақырыбында семинар-тренингін өткізді. Семинарда цифрлық технологиялар дәуіріндегі оқытудың жаңа теориялары мен тәсілдері қарастырылып,білім ментиімді онлайн оқытуды жобалау қабілетіне сұраныстың жоғары өсуіне байланыстыбілім беру қызметкерлерін даярлау мәселелері талқыланды.

Айжаз Шейх кафедра докторанттарының шетелдік ғылыми кеңесшісі, ScopusДБ бойынша ғалымныңХирш индексі-16болып табылады. Оқу процесінешетелдік профессорды тарту бағдарламасы шеңберінде кафедраның жас ғалымдарымен бірлесе отырып, гранттық бағдарламаларға, халықаралық жобаларға қатысу үшін proposal дайындау, рецензияланатын халықаралық журналдарда (Scopus, Thomson Reuters) жариялау үшін ғылыми мақалалар дайындау жұмыстары жүргізілуде, кафедраның ПОҚ-мен магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламаларынжаңғырту бойынша ұсыныстарды енгізу мақсатында талқылау жүргізілуде.