Кезекті "Қытай қылқалам каллиграфиясы" байқауы өттіFarabi University

51

Кезекті "Қытай қылқалам каллиграфиясы" байқауы өтті

6 желтоқсан, 2022

2022 жылдың 5-ші желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жанындағы Конфуций институтының ұйымдастыруымен VI кезекті  "Қытай қылқалам каллиграфиясы" байқауы өтті.

Байқауға Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Аталмыш байқауға қытайтану кафедрасының студенттері де белсене қатысып, бақтарын сынады. Байқау нәтижесінде Өтебайқызы Фатиха, Амангелдиева Раушан жеңімпаз атанып, тағы 10 студент үздік қатысушы марапатына ие болды. Сонымен қатар, оларға жетекшілік еткен қытайтану кафедрасының оқытушылары Керімбаев Е., Маулит Б., Досымбекова Р., Қойбақова А., Тұрбек М., Дүйсенбай Қ., Меттибаева С. үздік жетекші атанып, сыйлықтармен марапатталды.