- Басты бет
- Жаңалықтар
- "Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу" байқауы өтті
"Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу" байқауы өтті

Абай - қазақ халқының ұлы перзенті, ақын, дарын иесі. Абайдың өнегелі өмірі әрбір қазақ азаматының жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатады. Абайдың әр сөзі түсінген адам үшін өнеге мен өсиетке толы. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, ақын С. Торайғыров жырлағандай, бүгінгі ұрпақтың бойына оның өрнекті өлеңдерін сіңіру мақсатында 1 желтоқсан күні Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ, Шығыстану факультеті мен Конфуций институтының ұйымдастыруымен «Абайдық қара сөздерімен өлеңдерің қазақ және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» байқауы өтті. Байқауда Алматы қаласындағы қытай тілін оқытатын жоғары оқу орындарының студенттері бағын сынады. Оның ішінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасының студенттері де бар. Байқауда студенттер Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқудан жарысты. Сайыс нәтижесінде «Аударма ісі» мамандығының 4 курс студенті Мухамеджанова Мадина екіңші орынға ие болып, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Касымканова Айдана үздік қатысушы марапат алды.
Басқа жаңалықтар

