«Микроэкономика» пәні бойынша ұлттық пәндік олимпиада

2022 жылдың 25 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Микроэкономика» пәні бойынша ұлттық пәндік олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – студенттердің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру, сонымен қатар ғылыми іс-әрекетке деген қызығушылығын дамыту.
Жоғарыда аталған олимпиаданың қатысушылары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Экономика және бизнес жоғары мектебі, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Каспий қоғамдық университетітінің студенттері болды.
Олимпиада 4 кезеңнен: үй тапсырмасы, викторина, «Кім жылдам?» және тест түрінде берілетін есептерден тұрды.
Олимпиаданың нәтижесі бойынша:
I орын – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономика мамандығының студентерінен құралған «Economics» тобы
II орын - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қаржы мамандығының «Қаржы коллективі» тобы
II орын - Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті студенттерінен құралған «Marginalistes» тобы
III орын - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ логистика мамандығы студенттерінен құралған «Президент» тобы
III орын - Каспий қоғамдық университеті студенттерінен құралған «Зейінді Z» тобы.
Ұйымдастырушылар: Даулиева Г.Р., Иляшова Г.К., Тураров Д.Р., Абылай А.Б., Салибекова П. К., Мурабилдаева Р. А., Сырбек П. Н.
Басқа жаңалықтар

