
28 қазан 2022 жылы Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті, жапон бөліміне Жапонияның ірі Ecotech корпорациясының президенті Yamaguchi Masahiro, бас менеджері Yada Tomoshita және корпорацияның Қазақстандағы филиалының директоры Бекишева Рауан келіп, бөлімнің студенттермен кездескен болатын.
Кездесу нәтижесінде компания президенті студенттердің жапон тілі деңгейі мен олардың жапон еліне деген сүйіспеншілігіне риза болды. Өз ризашылығының белгісі ретінде, жақын арада жапон бөлімінің студенттеріне Жапониядан сыйлық жіберетінін айтқан еді. 22 қараша 2022 күні корпорацияның Қазақстандағы филиалының директоры Бекишева Рауан келіп Yamaguchi Masahiro мырзаның арнайы Жапон бөлімінің студенттеріне Жапониядан жіберген сыйлықтарын тапсырды. Құны 300 ақш долларын құрайтын сыйлықтың ішінде 10 дана жапондық бенто қорапшасы, әр түрлі жапон тәтті- дәмділері бар. Жапон бөлімінің меңгерушісі Сауданбекова Ш.Т бөлім студенттерінің топтарын аралап Yamaguchi Masahiro мырзаның сыйлықтарын таратты. Yamaguchi Masahiro мырзаға алғысымызды білдіреміз.
Басқа жаңалықтар

