Әрбір керемет нәрсенің өз бастауы барFarabi University

51

Әрбір керемет нәрсенің өз бастауы бар

24 қараша, 2022

2022 жылдың 22 қараша күні Шығыстану факультетінің Студенттік Кеңес ұйымының ұйым мүшелерін таныстыруға арналған жобасы өтті. Жоба – біздің факультетіміздегі Студенттік Кеңес ұйымының тарихындағы ең алғашқы жобасы.

Жобаға ұйым мүшелерінен бөлек Жастар Ұйымдары Комитеті, Жоғары Студенттер Кеңесі, Шығыстану факультетінің басқа да ұйым төрағалары, студенттер үйінің төрағалары келіп қатысты. Ұйым мүшелерін таныстыру мақсатында ұйымдастырылған жоба естен кетпес әсерлер мен естеліктер қалдырды. Ән айтып, би билеп, гитарамен өнер көрсетіп, ойындар ойнап, бір-бірімен жақын араласып, танысқан Студенттік Кеңес студенттерінің Шығыстану факультетіндегі жобасы сәтті өтті деп айта аламыз.