Каллиграфия байқауының іріктеу кезеңі өттіFarabi University

51

Каллиграфия байқауының іріктеу кезеңі өтті

9 қараша, 2022

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жанындағы Конфуций институты студенттерге арналған кезекті қытай ән-жыр және каллиграфия байқауын ұйымдастыруда. Байқау шарттарына сәйкес, 8 қараша күні қытайтану кафедрасында студенттер іріктеліп, каллиграфия бойынша өнерлерін ортаға салды. Студенттердің жұмыстары Конфуций институтына жолданды. Онда арнайы комиссия құрылып, каллиграфиялық жұмыстарды сарапқа салады. Байқау қорытындысы 29 қараша күні жарияланады.